«АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ БОС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Лауазым: директор
Атаулары:
- Абай ауданының білім бөлімінің «Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің П.Корниенко атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Абай ауданының білім бөлімінің «Қарағанды облысы Абай ауданы Самарка селосының Самарка жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Абай ауданының білім бөлімінің «Қарағанды облысы Абай ауданының Жартас селосындағы «Жұлдыз мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Абай ауданының білім бөлімінің «Қарағанды облысы Абай ауданы Құлаайғыр селосы Топар жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Абай ауданының білім бөлімінің «Қарағанды облысы Абай ауданы Вольный кентінің № 4 жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Абай ауданының білім бөлімінің «Қарағанды облысы Абай ауданы Курмин ауылының Курмин жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі қызметі: білім беру мекемесінің жарғысына және оның басқа да нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес білім беру мекемесінің қызметін басқару. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен біріге отырып білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарларын және бағдарламаларды бекітеді. Жалпыға білім беру заңына сәйкес бекітілген аумағы бойынша балалардың жалпыға бірдей міндетті оқытылуын қамтамасыз етеді. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны сақтауды, толықтыруды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбек және техника қауіпсіздігінің сақталуына жауап береді. Педагогикалық кадр мен қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді, қажетті есеп- қисапты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Орналасқан орны (мекен-жайы):
- Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Сарыарқа  көшесі, 46 үй;
- Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Самарка селолық округі, Самарка селосы, 1А құрылысы;
-  Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды селолық округі, Жартас селосы, Школьная көшесі, 1а үй;
- Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр селолық округі, Құлаайғыр селосы, Мира көшесі, 1а үй;
- Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Вольный кенті, Труда көшесі, 14 үй;
- Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Кұрмин селолық округі, Құрмин селосы, Лиманная көшесі, 70 үй.


Мемлекеттік мекеме басшысының лауазымдық жалақысы:
Санаты Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)
бастап дейін
А1-3 90715 93245
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Бірінші немесе жоғары  біліктілік санаты болуы тиіс. Педагогикалық саладағы әкімшілік жұмыстағы тәжірибесі үш жылдан кем болмауы тиіс немесе білім беру ұйымының бейінділігіне сәйкес, білім беру ұйымындағы басшылық қызметтегі тәжірибесі бес жылдан кем болмауы тиіс. Сотталмаған болуы тиіс.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Републикасының «Білім туралы», «ҚР  бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, балалар және жасөспірімдер психологиясы, басқару психологиясы және ұжымдағы іскерлік өзара әрекет, кадрлық менеджмент және қызметтік этика саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.  Мейлінше мемлекеттік тілді білуі. Компьютерде жұмыс істей алуы.
Конкурс ҚР  білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің  лауазымдарының бос орнына конкурс  өткізу Ережелерінің,  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі  
№ 173 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: еркін нысандағы өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; білім туралы құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі; суретімен бірге кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы, бұрынғы жұмыс орнынан жазалаулар мен мақтаулары көрсетілген өндірістік мінездеме; қазіргі кездегі біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі; 2010 жылғы 23 қарашадағы  ҚР денсаулық сақтау Министрінің м.а. № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У формасы бойынша медициналық анықтамасы, құқықтық статистика бойынша Комитет есебіндегі немесе қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы есебіндегі  мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар көшірмесі нотариалды түрде немесе жұмыс орнының кадрлық қызметімен куәландырылады. Құжаттар конкурстың өтілуі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.
  Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурстың қатысушысына құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
  Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер құжаттар қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сұхбаттасудан өтеді.
      Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі мына мекен-жай бойынша ұсынылуы тиіс: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, К.Маркс көшесі 43, аудандық білім бөлімі,  №2 кабинет, анықтамалар үшін телефон  43769, факс 42257.
     
Абай ауданының білім  бөлімі