Бірінші басшының өмірбаяны

Көрпешова Бақытжан Казбековна
23.10.1963 жылы Қарағанды қаласында туған.
Білімі: жоғары, Жезқазған педагогикалық институты,   1985 жыл.
Еңбек жолы:
1985 – 1986жж.-  Жезқазған облысы Қаражал қ.  №7 ОМ математика пәнінің мұғалімі.
1986 – 1988жж. - Қарқаралы ауданы  Ынталы ауылының  №3 ОМ математика және физика пәнінің мұғалімі.
1988 – 1992жж. - Мичурин аудандық білім бөлімінің   оқыту  инспекторы.
1992 – 1994 жж. -  Мичурин аудандық білім бөлімінің мектептер бойынша бас маманыы. 
1994 – 1996 жж. - Мичурин аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары.
1996 – 1997 жж. -  Мичурин аудандық білім бөлімінің бастығы.
1997 – 2004 жж. - Абай ауданы білім бөлімінің бастығы.
2004 – 2015 жж. -  Абай ауданының білім және спорт бөлімінің  басшысы.
2015 бүгінгі күнге дейін - Абай ауданының білім  бөлімінің  басшысы.

Жетістіктері:
-Ауданның білім беру жүйесінің дамуының басты бағыттарын және білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды іске асыру жүзеге асырылуда.
-Соңғы жылдарда 8 "Балабақша-мектеп" кешендері, 2 балабақша  ашылып, ҚР Президентінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының төңірегінде Абай қаласында Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы салынды. 2012 жылдан бастап Абай ауданының білім беру мекемелерінде 5 шағын-орталықтар  ашылды. 2016 жылы Құрма ауылында жаңа мектеп ғимараты салынды.
-Соңғы жылдары  ҰБТ қорытындысы бойынша Абай ауданы ауылдық аудандар арасынан жүлделі  орындарды иеленуде.
-Ғылыми негіздер бойынша облыстық олимпиадалар нәтижелері  бойынша жыл сайын жүлделі орындарды иеленеді.
Марапаттары: Қазақстан Республикасының Білім беру Министрлігінің Құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі»  белгісі, Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 10-жылдығы»  медалі,    «Ыбырай Алтынсарин» медалі, Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 20-жылдығы» медалі,   «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін»  белгісі. Абай ауданының Құрметті азаматы.